Білгірлер күні

                                        Білгірлер күні

    Білім – бұл қолдағы шырақ. Шырағын жарық жақса сен өмірде адаспай мәнді де, сәнді ғұмыр кешесің.  Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білім тек белгілі бір қызметте ғана емес, күнделікті өмірде де қажет. 

  Оқушыларымыз  бүгін өз білімдерін толықтырды . Атап айтсақ,  жәндік шаққан кездегі алғашқы көмекті көрсете білуді, шағылған жерге қандай да бір антисептикпен суланған мақта дәкесін салуды үйренді. Қол астында әрдайым қабынуға қарсы әсері бар гель немесе май болу керектігі және дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, мектебіміздің әртүрлі жастағы оқушылары сөзжұмбақ сайысына қатысып, білімдерін жетілдірді.